Өндiрiс

Судың ерекшелігі

Тассай суының көзі – табиғаттың өзі қандай да бір техногенді әсерден қорғап қалған Арыс-Бадам жерасты суларының орны. Экологиялық таза жерден шығатын болғандықтан су барлық жақсы қасиеттерге ие.  

Қазақстан Республикасының кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-інің сарапшылары TASSAY-ды құрамында натрий мен калий мөлшері қажетті дұрыс деңгейде кездесетін магний-калций тобындағы тұщы ауыз су деп таныған. Хлоридті (тұзды дәмге ие) және сульфатты (ерекше ащылау дәмі бар) түрдегі суларға қарағанда гидрокарбонатты топ әдетте ең дәмді және пайдалы болып саналады.

TASSAY суы шөлді қандырып қана қоймай, адамдарға ағзадағы қажетті су-минералды теңдіктісақтауға көмектесіп, денсаулыққа жақсы әсерін тигізеді.

TASSAY суының құрамындағы әр элемент пайдалы. Мәселен, судағы гидрокарбонаттар ағзадағы PH-теңдікті қалпына келтіріп, ақуыз және көмірсулардың алмасуын жақсартады, сондай-ақ асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алады. 

Кальций сүйек жүйесін қалыпты күйде ұстап отыру мен бұлшық еттерінің тиімді жұмысы үшін өте қажет. Магний жүрек қағысын және қандағы қант деңгейін үйлестіріп, жоғары қан қысымын төмендетеді. Натрий асқорыту ферменттерін іске қосып, ылғалды сақтап қалуға көмектеседі, ал калий керісінше ағзадағы артық сұйықтықты шығаруға ат салысады.

Қазақ тағамтану академиясы TASSAY суын қандай да бір шектеусіз күн сайын пайдалануға кеңес береді. Минералдандырудың төмен деңгейінің (0,3 г/л-ден төмен) және PH нейтрал деңгейінің арқасында TASSAY суы белсенді өмір салтын ұстанатын, спортпен айналысатын балалар мен ересектерге пайдалануға ұсынылады.

Суды дайындаудың технологиялық кезеңдері

Өндіріс барысында ISO 9001-2009 ендірілген сапа менеджменті жүйесімен бірге шығарылатын өнімнің жоғары халықаралық стандарттарға сай екеніне кепілдік беретін жоғары технологиялық еуропалық құрал-жабдықтар (Sidel, Matrix, SIPA, Tecnocom) қолданылады.

Өндірістің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезең.

Жинақтаушы ыдыс. Су жерасты ұңғымаларынан тот басу мен өңездің пайда болуына қарсы тұра алатын құбырлар арқылы болаттан құйылған жинақтаушы ыдысқа келіп түседі. 

Екінші кезең.
Тазалау. Су барлық механикалық қоспа мен майда құмнан арылып, сүзгі жүйесін өтіп, тазартылады.

Үшінші кезең.
Бактерицидті ультракүлгін шаммен өңдеу. Бұл кезеңде су ультракүлгін шаммен өңделіп, құрамындағы микробиологиялық кірмелер жойылады.

Төртінші кезең.
Бөтелке шығару, құю машинасына тасымалдау, шаю. Бөтелкелер арнайы автоматта ПЭТ-перформасынан үрленіп жасалады, ары қарай ауа ағыны конвейерімен құю блогына жеткізіліп, таза сумен шайылады.

Бесінші кезең.
Су құю, қаптау, этикет қағазын жапсыру, өндірілген күнін көрсету, қаптама толықтай автоматтандырылған Франция мен Италияның өндіріс желілерінде жасалады. TASSAY суы бөтелкелерге құйылып, фирмалық қақпақшалармен тығындалады.

Өндірістің барлық кезеңінде барлық көрсеткіштерді органолептикалық, физикалық-химиялық және микробиологиялық сынақтар жүргізетін заманауи өндірістік зертхана бақылап отырады және өнімнің жоғары сапамен жасалғандығына кепілдік береді.