Holiday

Апельсин, лимон және алманың, сондай-ақ бала кезден бәрімізге таныс сүйікті тархун, дюшес алмұрты және лимонадтың дәмі бар нағыз жеміс татымды танымал алкогольсіз сусындарды қазақстандықтар алғаш пайда болған сәттен бастап ұнатты.

Көңіл-күйді көтеріп әкететін түспен әрленген тәтті, көпіршікті сусындар адамдарға мейрамда да, жай күндері де қуаныш сыйлап келеді. HOLIDAY-мен таныстықтың өзі ғана жыл он екі ай жазы бар, экзотикалық сусын ішіп, жергілікті тамаша музыкаға билеп, таңды мұхит жағасында, ал кешті айлақта қарсы алуға болатын тропикалық жұмаққа саяхаттаумен салыстыруға болады!

Қанық, көңілді бірден баурап алатын дәмі бар HOLIDAY арнайы жасақталған құрамнан тұрады. Оған табиғи қант, TASSAY жұмсақ ауызсуы, жоғары тазартудан өткен көмірқышқыл газы, лимон қышқылы, сонымен қатар табиғи хош иістендіргіштер мен бояғыштар кіреді. Апельсин және алма дәмі бар HOLIDAY құрамында табиғи сусынның шамамен 3%-ы бар.

HOLIDAY! Күн сайын мереке! 

Брендтер
Holiday
Holiday

Holiday

ТЗ Holiday алкогольсіз газдалған сусыны Тархун дәмі, Дюшес алмұртының дәмі бар лимонад: 1) сыйымдылығы 0,5 л. болатын, «Holiday» деген ақ жазуы бар жасыл түсті бұдырланған қаңылтыр қақпақшамен тығындалған түссіз әйнек бөтелкелерге құйылған. Топтық қаптау полиэтилен үлдірмен оралған, картон тұғырықтағы 12 бөтелкеден тұрады. 2) сыйымдылығы 0,25 л. болатын, «Holiday» деген ақ жазуы бар жасыл түсті бұдырланған қаңылтыр «twist-off» қақпақшасымен тығындалған түссіз әйнек бөтелкелерге құйылған. Қақпақшаның жоғарғы бөлігінің жиегінде айналдыра екі ақ нұсқар белгіленген.  Топтық қаптау полиэтилен үлдірмен оралған, картон тұғырықтағы 20 бөтелкеден тұрады.