Tassay

  TASSAY суы – қазақстандық ауызсу өндірісінің мақтанышы және «Юникс» компаниясының барлық өнімінің негізі. TASSAY суының ерекше жерден, яғни Қазақстанның ең көркем аймақтарының бірінен шығуы оған құрамында ағзаға қажетті барлық минералды заттардың үйлесімді түрде пайда болуын және ерекше жұмсақ дәм сыйлай алды, ал заманауи құрал-жабдық TASSAY суын кемел деңгейге жеткізді.

Нарыққа алғаш рет шыққан сәтінен бастап TASSAY суы қазақстандықтардың көпшілігінің өмірінде орны толмас өнімге айналды. TASSAY-ды адамдар  үйде де, жұмыста да, спортпен айналысқанда да, табиғат аясында да, отбасы мен достар арасында да рахаттана ішеді. Нейтралды PH теңдігі мен төмен минералдылығының арқасында TASSAY тағам дайындау мен шәй демдеу үшін тамаша су болып отыр.

TASSAY суын бұрыннан тұтынып келе жатқандар күн сайын сапалы суды пайдаланудың денсаулықты жақсартып, қуат сыйлайтынын және бірінші кезекте адамның өз-өзін жақсы сезінуіне тәуелді сұлулықты аша түсетінін біледі. Елдегі ең үздік деген фитнес-клубтардың, спа-орталықтар мен сұлулық салондарының, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы клиникалар дәрігерлерінің TASSAY суына сенім білдіретіндіктері бекер емес.

Бүгінгі күні Қазақ тағамтану академиясы бөтелкедегі TASSAY суын мақұлдап отыр. Бұл оның қауіпсіз ғана, ең жоғары деген сапа стандарттарына сай екендігін білдіреді. Қазақстанның қарапайым тұрғындары ғана емес, жоғары мәртебелі азаматтары мен ел қонақтары да TASSAY суына қатысты оң бағаларын берді, себебі TASSAY барлық мемлекеттік шаралар мен Президент, Үкімет, Парламент және өзгедей мемлекеттік мекемелердің қабылдауының ресми суы болып табылады.

Сапасының жоғары болғандығы үшін TASSAY суы №1 отандық өнім деп әлденеше рет танылды, сонымен қатар «Қазақстандағы жыл таңдауы» атағына ие болды (2002, 2003, 2004, 2009 жж.). Сондай-ақ TASSAY ауызсуы отандық және халықаралық көрмелерде гран-прилер, жоғары мәртебелі медальдар мен диломдар ұтып алып жүр.

TASSAY – өмір қуаты!

Брендтер
Tassay
Tassay

Tassay

Tassay суы – газдалған және газдалмаған – келесі ассортиментте ұсынылады:

- сыйымдылығы 0,2 л. / 0,5 л. / 1 л. / 1,5 л. болатын пластикалық бөтелкелер;

- сыйымдылығы 0,25 л. / 0,5 л. болатын әйнек бөтелкелер

Даналап ұсынумен қатар өнімнің топтап қапталған түрі де бар.

Ірі қаптау картон қораптарға топтап қаптау мүмкіндігімен бірге 5 лиртлік пластик бөтелкелер түрінде де ұсынылады.